16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт өтті!
Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концерт ұйымдастырылды.
Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, патриоттық әндер шырқалып, мәнерлеп өлең оқылып, ұлттық би мен көріністер қойылды.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа ел тарихын ұлықтап, отансүйгіштік рухты дарыту.
Концертке белсенді қатысқан ұстаздар мен оқушыларға алғыс білдіреміз!