Жүгіру жолы
Кіру
AA+
№2 ОРТА МЕКТЕП
«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ІЛЕ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «№2 ОРТА МЕКТЕП» МКМ
Жүгіру жолы
№2 ОРТА МЕКТЕП
«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ІЛЕ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «№2 ОРТА МЕКТЕП» МКМ

№2 орта мектепте «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында ақпараттық жиналыс өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты-зорлық-зомбылықтың барлық түрінің алдын алу, балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Жиналыс барысында қатысушыларға зорлық-зомбылықтың эмоционалдық, психологиялық, физикалық түрлері туралы түсінік беріліп, балалардың құқықтары мен қауіпсіздік ережелері талқыланды. Сондай-ақ мектепте өзара сыйластықты сақтау, бір-біріне қолдау көрсету және қауіпті жағдайларда қайда жүгіну керектігі туралы маңызды ақпарат ұсынылды.
Бұл жиналыс мектеп қауымдастығының назарын балалар қауіпсіздігіне аударып, зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтуге мүмкіндік берді.
«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Әр бала-қорғауға лайық!»