Мектебімізде "Өзін-өзі басқару ұйымының апталығы" өз бастауын алды. Осыған орай "мектеп парламенті" алдағы жоспарларын ұсынып, атқарылатын жұмыстар бағыттарын таныстырды.
Апталық аясында оқушылар белсенділік танытып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, өздерінің көшбасшылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетеді.
Мақсат — оқушылардың жауапкершілігін арттыру, өз ойын еркін жеткізе алатын, белсенді тұлға қалыптастыру.
Келешек көшбасшыларға сәттілік тілейміз!
