Таза Қазақстан акциясы аясында мектебіміздің ұжымы табиғатты қорғау және көгалдандыру мақсатында игі іс атқарды. Атап айтқанда, мектеп аумағына 30 түп ағаш көшеті отырғызылды. Бұл бастама қоршаған ортаны жақсартуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және болашақ ұрпаққа жасыл, таза орта қалдыруға бағытталған.
Осындай маңызды іске атсалысқан мектеп ұжымына алғысымыз шексіз!