Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі
№2 орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі
2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.
Ағымдағы оқу жылында мектептің 4-сыныбын 147 оқушы тәмамдады. Алдағы оқу жылына 1-сыныпқа 140 оқушыны қабылдау жоспарлануда.
Мектепте оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақ тілінде оқытатын сыныптарға 6 мұғалім, орыс тілінде оқытатын сыныптарға 3 мұғалім бекітілген.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 27 мамырдан 31 тамызға дейін.
1-сыныпқа тіркеу 2026 жылғы 18 маусым мен 28 маусым аралығында жүргізіледі.
Қосымша ақпаратты мектеп әкімшілігінен алуға болады.