Сынып жетекшісі: З Д сыныбы - Байжуманова Самал Мамыткановна
Бүгін З Д сыныбында «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында тәрбиелік сынып сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға нашақорлықтың зияны, оның адам денсаулығы мен болашағына тигізетін кері әсері туралы түсінік берілді.
Оқушылар нашақорлықтың алдын алу жолдары туралы пікір бөлісіп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын ұғынды.
Сабақ аясында бейнематериал көрсетіліп, сұрақ - жауап түрінде талқылау жүргізілді.
Мақсат: жасөспірімдер арасында зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу және салауатты өмір сүруге бағыт беру.