Іле ауданы Ақсай ауылдық округіне қарасты Екпінді ауылының №2 мектебінде «Мен Сізді үлгі тұтамын» атты танымдық кездесу өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға өмірде өз орнын тапқан, еңбегімен жетістікке жеткен тұлғаларды үлгі ету арқылы олардың бойында адамгершілік, еңбекқорлық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.
Кездесу барысында өзімнің өмір жолым, еңбектен тапқан тәжірибемді, жетістікке жету жолындарымды қиындықтар мен табыстар туралы мазмұнды әңгіме өрбіді. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмастық.
Іс-шара соңында мектеп ұстаздары мен 9–10 сынып оқушыларына шынайы алғысымды білдіріп, осындай тағылымды кездесулердің жас ұрпақ тәрбиесінде маңызы зор екенін атап өттім.