Жүгіру жолы
Кіру
AA+
№2 ОРТА МЕКТЕП
«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ІЛЕ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «№2 ОРТА МЕКТЕП» МКМ
Жүгіру жолы
№2 ОРТА МЕКТЕП
«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ІЛЕ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «№2 ОРТА МЕКТЕП» МКМ

Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету – қоғамдағы маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі. Осындай отбасыларға көмек көрсету мақсатында «Мейірімділік жасауға асығыңыз» және «Балаларға қамқорлық» атты қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды.

Бұл шаралардың негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, толық емес немесе түрлі қиындықтарға тап болған отбасыларға материалдық және моральдық көмек көрсету. Осындай жақсылық жасау челленджі бойынша 20 дан астам отбасыға азық-түлік таратылды.

Белсенділер : бірнеше сынып оқушылары мен мұғалімдер. Сондай-ақ, жеке кәсіпкердің қолдауымен әлеуметтік категорияға жататын отбасылардан шыққан 7 оқушыға аяқ-киім табысталды.
Қайырымдылық шаралары адамдарды мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеп, қоғамда өзара көмек пен бірлікті нығайтады. Осындай игі істер арқылы әрбір азамат қоғамға өз үлесін қосып, мұқтаж жандардың өмірін жақсартуға мүмкіндік алады.