Бүгін 1–2 сынып оқушыларының қатысуымен кітап оқу сайысы өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, білімге деген құштарлығын ояту.
Балалар өздерінің сүйікті шығармаларын мәнерлеп оқып, көркем сөзге деген махаббаттарын көрсетті.
Жарыс барысында оқушылар тапқырлықтарын, сөйлеу мәдениетін және көркем оқу дағдыларын танытты.
Кітап – адамзаттың ең сенімді досы, рухани байлықтың қайнар көзі.
Осындай игі шаралар жас буынның тәрбиесіне оң әсерін тигізері сөзсіз.