Қысқы демалыс уақытын тиімді өткізу, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру мақсатында мектебімізде челлендж ұйымдастырылады.
Челлендж мақсаты:
- Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
- Көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру;
- Кітап арқылы ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.
Нәтижесінде:
- Балалар арасында кітап оқу мәдениеті қалыптасады;
- Демалыс уақытында пайдалы әрі қызықты іспен айналысады;
- Оқушылар арасында өзара тәжірибе алмасу жүреді.