«Діни сауаттылық-бейбіт өмір кепілі»
2025 жылдың 27 қараша күні Екпінді ауылының *теолог маманымен* 7-8 сынып оқушылары арасында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында:
-Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу жолдары,
-Жастардың діни сауаттылығын арттыру,
-Деструктивті ағымдардың белгілері,
-Қазақстандағы зайырлы мемлекет ұстанымы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, пайдалы пікір алмасу орын алды.
Мақсат-оқушылардың теріс діни ағымдарға еріп кетуінің алдын алу және саналы көзқарас қалыптастыру.