Бүгін №2 орта мектебінде Ерте жүктіліктін алдын алу жоспары бойынша Екпінді ауылдық ауруханасының дәрігерлерімен бірлесіп *"Денсаулық сабағы"* ұйымдастырылды.
Іс - шараның мақсаты - жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және ерте жүктіліктің, жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша оқушыларға маңызды ақпарат беру.
Сабақ барысында дәрігерлер оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестермен бөлісті.
Оқушылар белсенді қатысып, өздеріне қажет мәліметтер алды.
Осындай кездесулер жастардың денсаулығына деген жауапкершілігін арттырады.
Ұйымдастырушылар: мектеп әкімшілігі, ДТІЖО, медбике Ш.Жанабылова.