11-сыныптар арасында «Ата заң – мемлекеттің тірегі» тақырыбында мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Конституцияның маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру және елге деген жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.
Іс-шара барысында білім алушылар өз ойларын ортаға салып, заңның қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасты. Сондай-ақ түрлі сұрақ-жауап, талқылау кезеңдері ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі ерекше байқалды.
Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, ел болашағына сенімді қадам жасауына ықпал етеді.