Мектебімізде қараша айының 10-ы күні 5 - 11 сынып оқушылары арасында «Адал азамат - ел тірегі» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттау.
Оқушылар эссе жазу барысында өз ой-пікірлерін еркін жеткізіп, адал азаматтың қоғамдағы рөлін сипаттады. Көптеген жұмыстарда оқушылар адал еңбектің, әділдіктің және намыстың адам өміріндегі маңызына тоқталды.Байқау барысында қатысушылар тек өз ойларын білдіріп қана қоймай, қоғамдағы маңызды мәселелерге үн қосып, азаматтық көзқарастарын қалыптастыра білді.
Алдағы уақытта да осындай байқаулардың жиі өткізілуі оқушылар арасында адалдық идеясын терең қалыптастыруға жол ашады.