“№2 орта мектеп” МКМ-не 2026-2027 оқу жылының 1-сыныбына құжаттар тапсыруға шақырамыз.
Өңірлер бойынша құжаттарды қабылдау кестесіне сәйкес, Алматы облысы бойынша 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 18 маусым мен 28 маусым аралығында “Электронды үкімет” egov.kz порталы арқылы электронды форматта жүргізіледі.
1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балалар қабылданады.
Ата-аналар назарына:
Қажетті құжаттар тізімі:
1.Ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші, ЭЦП кілті
2.Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
3.3*4 көлеміндегі 2 фотосурет
4.Бала денсаулығы туралы анықтама (052-2у)
5.Профилактикалық егу картасы 065у нысаны
